Өскеменде «Бір өзен – бір тағдыр» атты халықаралық экологиялық акциясы өтті

Өскеменде «Бір өзен – бір тағдыр» атты халықаралық экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Шара барысында жастар Ертіс өзенінің жағалауын қоқыс қалдықтарынан тазартып, игі іс жасады.
Аталған шара Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Зайсан ауданынан бастау алған болатын. «Бір өзен, бір тағдыр» Халықаралық экологиялық акциясы білімді, патриоттық рухты және өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында өткізілді.
– «Бір өзен, бір тағдыр» Халықаралық акциясы Зайсан ауданынан бастау алды. Ертіс өзені ағып өтетін аудандар осы шараға қатысатын болады. Қазіргі таңда Павлодар облысы және Ресей Федерациясындағы әріптестерімізбен келсім-шарт жүргізіліп жатыр. Бүгін біз Ертіс өзенінің бойын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Себебі экология мәселесі ең өзекті. Қала тұрғындарын да осындай игі шараға қатысуға шақырамыз, – деді облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Арайлым Есімбекова.
Акция аясында су қоймаларының жағалау бойында бұрын жиналған қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. Десе де, шара барысында адамдардың су жағасына демалуға барғанда қоқыстарды жинамайтындығы көп көзге түсті.
– Тазалау жұмыстарын жүргізу барысында көбінесе демалушылар қоқыстарын жинамай бейбірекет лақтырып кете беретінін байқадық. Осыған байланысты Өскемен қаласының маслихат депутаттары бұл мәселені қолға алып жатыр. Яғни, табиғат аясында қалдықтарды шашқан адамдарға айыппұл салу мәселесі қаралуда, – дейді Арайлым Есімбекова.
Еріктілердің айтуынша, бұл акцияның негізгі мақсаты – адамдарды Ертіс өзенінің бойындағы қалалар мен елді мекендердегі су арналарын тазартуға шақыру, экологияны жақсарту және жастарға табиғатты аялау керектігін көрсету. Сондай-ақ, Birgemiz: Taza Álem волонтерлік бағытын дамыту.
Өскемен қаласы Жастар ресурстық орталығынің ұйымдастырумен өткен шараға «Казцинк ЖШС» жастар бірлестігінің белсеңділері, «ҮМЗ АҚ» жанындағы жастар қозғалысының белсеңділері, «Әскери-техникалық мектебінің» курсанттары және Өскемен ЖЭО бастамашыл тобының белсеңділері қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *