Риддерде өрттен зардап шеккендер жаңа үйлерге көшті

Қазір жаңа қоныс иелерінің көңілі жайланды. Біреу монша салуға кіріссе, біреу көмір сақтау орнын қамдап, біреу бақшаны қалай салатынын жоспарлауда. Жаңа “Ботаника” шағын ауданында 32 абаттандырылған үй салынды. Екі жарым ай бұрын отқа оранған үй иелерінің жас толған жанарларынан, бүгінде қуаныштың нұрын байқауға болады.
Өңірдің құрылыс компаниялары қысқа мерзім ішінде 32 үй салды, олардың әрқайсысында заманауи жылыту пештері мен ас үй гарнитуралары орнатылған. “Көмектескен барлық адамдарға үлкен рахмет айтқым келеді”, – дейді орман өртінен зардап шеккендердің бірі Анна Исенева. – Барлық адамдарға, “Қазмырышқа” және қала мен Шығыс Қазақстан облысының барлық аппаратына – бізді қиыншылықта қалдырмай, әрқайсымызға көмектесіп, назардан тыс қалдырмағандықтарыңыз үшін үлкен рахмет айтқым келеді. Адамдар қуаныштарын жасырмай, жоспар құрып, бірінші кезекте не сатып алуды жоспарлап отырғандарымен бөлісті.
Құрылыс компанияларының балалар мен спорт алаңдарын, футбол алаңын салып үлгергені ерекше қуантады. Орталық жарықтандыру, үйлерге асфальтталған жол жүргізілді. Автобус аялдамалары орнатылды. Өрт сөндірушілермен бірге жаңа шағын ауданда екі көпбалалы отбасы да қоныстанды. Шағын ауданның құрылысы жалғасады. Жоспар бойынша биыл тағы 110 үйдің құрылысы үшін учаскелер бөлінеді. 2022 жылы жоспар бойынша тағы да 110 учаске жеке тұрғын үй салу үшін бөлінетін болады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *