Семейде агроөнеркәсіп кешені саласында сегіз инвестициялық жоба іске асырылуда

Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Семей қаласының ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаев а         йтып берді.

Жобалардың бірі  – «913 га суармалы егістік алқабына суару жүйесін орнату» жобасы, құны – 288,4 млн теңге, жобаны алдағы жылы аяқтау жоспарлануда.

– Жобаның бастамашысы Достық ауылдық округінің «Аль-Дос» ӘКК. Семей өңірінде ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде егіс алқаптары ұлғаяды, 660 тонна күнбағыс тұқымы алынады, одан кейін май зауытына тапсырылады, 414 тонна арпа, 650 тонна көпжылдық шөп алынады. Сонымен қатар салынып жатқан сүт-тауар фермасын құнарлы мал азығымен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі, – деп тоқталды Нұрлан Шақабаев. 

«200 басқа арналған сүт-тауарлы фермасының құрылысы, сүтті сиырларды сатып алу» жобасы аяқталғаннан кейін, келер жылдан бастап 1000 тоннаға дейін сүт өндіру және жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар өңірде майлы дақылдарды, астық, мал азықтық дақылдарын, асыл тұқымды мал өсіру және тауарлы жұмыртқаларды өндіру бойынша жобалар жүзеге асырылуда.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *