Соңғы жылдары іске асырылған ірі жобалар

2017 жылы 364,0 млрд.теңгеге қуаты жылына 25 млн. тонна мыс кені бар Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты салынды (I кезек). 2021 жылы кәсіпорын катодты мысты өңдеу қуаттылығын жылына 25 млн тоннадан 50 млн тоннаға дейін (II кезең) 396,0 млрд теңгеге ұлғайту арқылы зауытты кеңейту жобасын жүзеге асырды. Барлығы 760 млрд. теңге инвестицияланды. 2018 жылы пайдалануға берілген қуаттылығы жылына 2 млн тонна алтын рудасын құрайтын Бақыршық тау-кен байыту комбинатына 134 млрд теңге инвестицияланды. 2021 жылы Семей қаласындағы қуаттылығы 300 мың тонна шикізатты құрайтын өсімдік майын өндіретін май экстракциялық зауыты іске қосылып, 7,9 млрд. теңге инвестицияланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *