ШҚО еңбек ардагерлері дауыс беруге белсенді қатысудың үлгісі болды

“Сайлауға қатысу – менің азаматтық борышым”, – дейді Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Достық үйінің еріктілер төрағасы, “әнші жүректер ” хорының старостасы Марина Ильина.

Таңертең ерте Шығыс Қазақстан облысының сайлау учаскелерінде тұрғындардың белсенділігі байқалады.

Алтай ауданында ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беруге алғашқылардың бірі болып “әнші жүректер”хор ұжымы келді. «Әрбір қазақстандықтың өз ұстанымын білдіріп, дауыс беруге қатысуы маңызды. Бұл менің өз елімнің азаматы ретіндегі міндетім деп санаймын. Болашақ қандай болады, тек бізге байланысты. Сондықтан саяси додадан шет қалмай, барлық жандарды сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруге шақырамын», деді Марина Ильина.

Хор аға буынның әндерін сүйетіндерді біріктірді. Ұжым аудандық және қалалық іс-шараларға, байқауларға үнемі белсенді қатысып тұрады. “Әнші жүректер” әдетте жерлестерін өз шығармашылығымен қуантады, ал бүгінде олар азаматтық жауапкершілік пен бірліктің үлгісін көрсете білді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *