Риддер қаласындағы 4 пәтерлі тұрғын үйдің іргетасының төсеніші құлап түсткен

Оқиға кеше түнде шамамен сағат 23-те болған. Жылу құбырларын жөндеу барысында жер қазу жұмыстары жүргізіліп осындай келеңсіздікке әкелген. Үйдің 12 тұрғыны аман, зардап шеккен ешкім жоқ. Үйдің нық тұруына кедергі жоқ. Әкімдік және ТЖ басқармасының мамандарынан жедел түрде арнайы топ құрылып оқиға салдарын зерттеп мәселені шешуде. Тұрғындар туыстарында уақытша бола тұруды дұрыс көріп, жағдайдың әрі қарай шешімін арнайы комиссияның құзырына тапсырып тұр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *