ШҚО ТЖД мамандары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифинг өткізіп, жеке, заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауы туралы айтып берді

ШҚО ТЖ департаменті тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес 17 000 мыңнан астам Бақылаудағы объектілерді есепке алды. Жоғары тәуекел дәрежесі – 1 894, орташа тәуекел дәрежесі – 701, төмен тәуекел дәрежесі – 14 489 объект. Тексерумен 188 объект қамтылды, оның нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерінің 895 бұзушылығы анықталды, басшыларға бұзушылықтарды жою мерзімдері ұсынылған нұсқамалар берілді.
Кәсіпкерлік Кодекстің 137-бабына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік өрт бақылауы объектіге барумен және Кодексте көзделген негіздер бойынша жоспардан тыс тексерулермен профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Профилактикалық бақылауды жүргізудің еселігі тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерімен анықталады, бірақ жылына бір реттен артық емес, ал орташа тәуекел дәрежесі үшін екі жылда бір реттен артық емес.
ҚР Бас прокуратурасы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жиынтық тізімін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізу жылының алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейін орналастырады. (www.prokuror.kz).
Профилактикалық бақылау бойынша тексеру жүргізуді бастау туралы Кәсіпкерлік кодекстің 144-2-бабына сәйкес тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанасын көрсете отырып, тексеру субъектісіне хабарлама жіберіледі.
Қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік іс жүргізуді қозғамай бұзушылықтарды жоюдың белгіленген мерзімдері бар бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жедел ден қою шаралары қолданылатын болады.
ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов нысандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті, атап айтқанда:
– Түтін шығару жүйелерімен, өртті анықтайтын және сөндіретін Автоматты қондырғылармен жабдықталған ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға жауапты ұйымдардың басшыларына өрт кезінде адамдарды эвакуациялауды хабарлау және басқару, көрсетілген жүйелерді жарамды күйде ұстау
– Эвакуациялық жолдар мен шығулардың бітелуіне жол бермеу
– Бастапқы өрт сөндіру құралдарының жеткілікті санына ие болу, қызмет көрсетуші персоналды өрт туындаған жағдайда іс-қимылға тұрақты негізде оқыту
– Объектінің электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Өрт қауіпсіздігі ережесіне сәйкес ” объектідегі өрт қауіпсіздігін меншік нысанына қарамастан объектілердің меншік иелері, ұйымдардың басшылары қамтамасыз етеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *