Семейде қазақстандық футбол мұражайы жаңа жәдігерлермен толықты

        10 желтоқсан Дүниежүзілік футбол күні. Атаулы күннің құрметіне Қазақстан футболының мұражайында жаңа экспонаттардың таныстырылым өтті. Бүгінде мұражай 2002 жылғы “Елімай” командасының қолтаңбалары бар доппен, атақты “Қайрат” ойыншысы Тимур Сегізбаевтың аты жазылған футболкасы сынды жаңа жәдігерлермен толықты. КСРО спорт шебері Целиноград “Целинник” ойыншысы 7Владимир Павлюк, қазіргі балалар-жасөспірімдер футбол департаментінің маманы, 1991 жылғы “Целинник” ойыншыларының қолтаңбаларымен “Динамодан”,” Жеңіске дейін” кітабын сыйға тартты.

Семейде қазақстандық футбол мұражайы жаңа жәдігерлермен толықты

         Мұражайдың келушілері Қазақстан құрамасының құрылу тарихымен де таныса алды. Тұсаукесерде құраманың формасы көрсетілді. Сондай-ақ, “Елімай” құрамында Қазақстанның екі дүркін чемпионы болған Константин Фриденталь құрама жейдесін сыйға тартты.

Семейде қазақстандық футбол мұражайы жаңа жәдігерлермен толықты

        Енді қазақстандық футболдың рекордшысы Андрей Пинчуковтың аяқ киімі де өз орнын тапты.

Семейде қазақстандық футбол мұражайы жаңа жәдігерлермен толықты

        “Восток” стадионының бұрынғы директоры, қазіргі “Устинка+” газетінің спорт шолушысы Валерий Чернов мұражайға бағдарламалар, газет топтамасын сыйлады.

Семейде қазақстандық футбол мұражайы жаңа жәдігерлермен толықты

        Мұражай 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен және басқа елдерден келген ондаған ұлдар мен қыздар Семей қаласындағы турнирлерге келіп, Қазақстан футболының мұражайына барады. Жалпы мұражай ашылғаннан бері оған 1 200-ден астам қабылдаған.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *