Ауған соғысының ардагері 30 жылдан кейін “Жауынгерлік еңбегі үшін” медалімен марапатталды

        Берікбол Кулов Мәскеу өткен салтанатты марапаттау рәсімінен оралды. Күні кеше медальмен марапатталған жауынгер-интернационалистпен қала әкімі Ермак Сәлімов те кездесті.

        – Іс-шара Ауғанстаннан әскердің шығарылғанына 30 жыл толуына арналды, – дейді Ауған соғысының ардагері Боранбай Бегатов. – Қорғаныс министрлігі орталық мұрағатта марапатталғандардың тізімін көтерді. Сол кезде 800-ге жуық адам марапатқа ие болған жоқ. Олар Семей қаласының екі тұрғыны-Берікбол Кулов пен Сұлтанбек Омаров.

        Боранбай Бегатовтың айтуынша, Семей Қазақстанның алғашқы қалаларының бірі болып, атқарушы биліктің арқасында Ауғанстанның 467 ардагеріне мерейтойлық медаль табыс етілді.

        -Бұл біздің тарихымыз, батырларымызды ұмытпауымыз керек, – деп атап өтті Ермак Сәлімов. – Біз сізбен үнемі байланыста болғандықтан, көмек қажет екенін түсінеміз. Сіздің идеологиялық жұмыстарға қолдауыңыз өте маңызды. Біздің болашақ ұрпақ осындай адамдармен кездесулері керек.

        Марапаттау туралы мәліметтер ұзақ уақыт РФ Қорғаныс министрлігінде құпияландырылып, тек Одақ ыдырап, Тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан кейін бұл деректерді алу мүмкіндігі пайда болған. Сондықтан да қазақстандық интернационалист-жауынгерлердің көбі ерліктерінің 30 жыл бұрын атап өтілгендігін біле алмады.

        Бүгінде Берікбол Кулов үш қызды тәрбиелеп, ұзақ жылдар бойы қаланың беделді тіс емханасында стоматолог маманы болып қызмет етіп келеді.

        Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *