Қалалық әкімдікте діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес жұмысының нәтижелері шығарылды.

        Қазіргі уақытта бүкіл әлемде діни-экстремистік және террористік идеологияның таралуы ауқымды сипатқа ие. Сондықтан азаматтардың діни төзімділігін қамтамасыз ету үшін қалалық әкімдік жанынан діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Кеңес жұмысы және оның жылдық қызметінің нәтижелері туралы өткен отырыста айтылды.

        Белгілі болғандай, қала оқу орындарында экстремизмнің алдын алу жөнінде жүмыстар қарқынды жүргізіледі. М. Әуезов атындағы колледж жыл сайын діни экстремизмнің алдын алу бойынша ашық алаң форматында кездесулер өткізеді. Ал жас өнер әуесқойлары түрлі конкурстарға қатысып, өз шығармашылығын танытқан. Сондай-ақ, қалалық колледждерде діни экстремизмге қарсы іс-қимыл тақырыбына арналған арнайы бұрыштар құрылуда.

        Барлық қалалық оқу орындарында бір жыл ішінде экстремизмнің алдын алуға қатысты бірқатар кездесулер мен дәрістер өткізілді. Құқықтық сағат аясында оқушылар ІІБ қызметкерлерімен кездесіп, онда тәртіп сақшылары жастармен әңгімелесіп, радикалды идеологияға қалыптастыруға бағытталған қызықты пікірталас өткізді.

        Сонымен қатар, ұлттық бірлікті сақтау үшін қалалық Достық үйінде әр түрлі мәдени іс-шаралар өткізіліп тұрады.

        Достық үйінің 22 этномәдени бірлестігі негізінде 8 жастар бірлестігі жұмыс істейді. Олардың мүшелері Қазақстан Жастар ассамблеясының акциялары мен жобаларының белсенді қатысушылары болды. Көптеген дөңгелек үстелдер өткізіліп, қаланың жетекші жоғары оқу орындарының ректорларымен меморандумдарға қол қойылды.

        Сондай-ақ, жыл бойы орталықтандырылған қалалық кітапхана жүйесінің қоры жастарды мәдени ағартуға арналған көптеген жаңа кітаптарымен қамтамасыз етуде. Биылғы жылы “Bookdating” кітапсүйгіштерінің жобасы жүзеге асырылды.

        Жалпы, өткен жылы мәдениет бөлімі өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған бес жүзге жуық іс-шара өткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *