Соңғы уақытта тұрғындар тарапынан жылу түбіртектерінде көрсетілген шамадан көп сомманың болуы жөнінде шағымдар келіп түсуде.

        Осыған орай, “Теплокоммунэнерго” МКК қызметкерлері брифинг өткізіп, берілген шоттардың жағдайын түсіндірді.

        Мамандардың айтуынша, тарифтердің өсуі мен абоненттер үшін қосымша төлемдер болған жоқ. Монополияға қарсы комитеттің ұсынысы бойынша осы жолы біз басқа уақытта көрсеткіштер алуға мәжбүр болдық. Біз 1-ден 20 қарашаға дейін есеп жасадық. Яғни есептеу 20 күнде жасалды. Қалған 10 күнді біз желтоқсан айына қостық. Сондықтан қараша айында, желтлқсанға қарағанда, шот сомасы аз болып шықты, – деді МКК “Теплокоммунэнерго” жылу инспекциясының басшысы Жуман Мусин.

        Енді келесі айда абоненттер толық ай үшін түбіртектеріне сәйкес төлем жасайды.

        Сондай-ақ, брифингте биылғы жылы төлемдердің жалпы сомасы бұрынғыға қарағанда аз болғандығы да айтылды. Мұның себебі – температура режимі. Биылғы қыс жылы болғандықтан, жылыту қазандықтары толық қуатымен жұмыс істеген жоқ.

        Бірақ егер абонент әлі де есептеу үстеуді қаласа, “Теплокоммунэнерго” МКК келіп, қосымша кеңес ала алады.

        Семей қаласынын ақпарат орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *