Семейдің сот өкілдері өткен жылды қорытындылады

        Семей қалалық соты өткен жылы бірқатар дауларды шешу мақсатында пилоттық жобаларды енгізген. Жлбалардың жұмысы жөнінде Семей қалалық сотының төрағасы Нұржан Әбдікәрімов айтып өтті.

        Бүгінгі таңда басты пилоттық жобалардың бірі тараптарды татуластыруға және талап қабылданғанға дейін дауларды шешуге бағытталған отбасылық соттарды құру жөніндегі жоба болып табылады. Баспасөз мәслихатында сөз болғандай, өткен жылы Семейде некені бұзу туралы арыз 20% өскен. Егер 2018 жылы 1744 талап-арыз түссе, өткен жылы олардың саны 2167 болды. Бұл мәселені шешу үшін АХАЖ бөлімінде біз білікті психологтар мен заңгерлер жұмыс істейтін жас отбасыларды қолдау кабинетін аштық.

        – Некені бұзу туралы талап-арыздардың артуы, соттар мен жұртшылықты алаңдатуда. Сондықтан біз жастарға тәрбие беру туралы ойланып, оларды отбасылық өмірге дайындау керек. Отбасылық сот шеңберінде бізде тек судьялар ғана емес, психологтар да жұмыс істейді. Сондай-ақ, қала бойынша көптеген дағдарыс орталықтары бар. Атап айтқанда, “Отбасы Орталығы” ҚҚ бізге адамдармен жұмыс істеуге үлкен көмек көрсетеді. Сонымен қатар, біз денсаулық сақтау бөлімімен келіссөздер жүргіземіз. Ал өткен жылдан бастап, әкімдікпен бірлесіп, Абай кітапханасында татуласу орталығы ашылды. Онда адамдар заңгер, нотариус және отбасылық психологтың кеңесін ала алады, – дейді Нұржан Әбдікәрімов.

        Сонымен қатар, көршілер, сондай-ақ жеке тұлғалар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды шешуге бағытталған жобалар іске асырылуда. Баспасөз мәслихаында атап өтілгендей, мұндай жағдайдағы басты мәселе жер телімдерін бөлу болып отыр. Дегенмен, мұндай істерді шешу Семейде оң сипат алып келеді.

        – Өткен жылы құқықтық мәселелерді шешу жөніндегі пилоттық жоба аясында бізге 90 – ға жуық іс келіп түсті, оның ішінде 11 іс сот шешілду. Біз алдағы жылы да көрсеткіштер азаяды деп ойлаймыз, – деді Нұржан Әбдікәрімов.

        Сонымен қатар, өткен жылдың желтоқсан айынан бастап облыстық соттың бастамасымен еңбек дауларының алдын алу бойынша пилоттық жоба енгізілді. Өткен жылдан бастап коммуналдық қызметтердің талап-арыздары соттарда қаралмайды. І

        – Семей бойынша бірқатар кәсіпорындар бар, онда адамдар әлі күнге дейін өздерінің заңды жалақысын ала алмайды. Мұндай істер нотариустың жүргізуіне жатады. Бірақ егер нотариус істен бас тартса, онда ол соттың қарауына жатады. Бұл істер еңбек инспекторының, кәсіподақтардың және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен қаралады, – деді Нұржан Әбдікәрімов.

        Конференцияда сондай-ақ ҚР қылмыстық кодексіндегі жаңа енгізілімдер туралы айтылды. Бұл жайында Семей қаласының №2  сотының төрағасы Жанат Абенова мәлімдеді.

        Атап айтқанда, зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін, тіпті ауырлататын мән-жайсыз жасау фактілері енді ауыр қылмыстар санатына жатқызылады. Енді татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін емес болады. Жазаны қатаңдату көліктік қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін енгізілетін болады. Абайсызда адамдардың өліміне әкеп соққан қылмыс жасалған жағдайда кінәлі адамға көлік жүргізу құқығынан өмір бойы айыра отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Сонымен қатар,қылмыстық кодексте бөтеннің малын ұрлағаны үшін кінәлі адамға 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Аса ірі мөлшерде немесе қылмыстық топ құрамында мал ұрлығы жасағаны үшін – 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады. Сондай – ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау-3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Білім беру ұйымдарында, адамдар көп жиналатын объектілерде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып қылмыс жасаған жағдайда, кінәлі адамға 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қатерін төндіреді.

        – “Мүлдем төзбеушілік” қағидатын күшейту үшін қайта татуласуға тыйым салынады. Тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату тараптардың бұрын жасаған қылмысы үшін татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылғаннан кейін қасақана қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды, – деп қорытындылады Жанат Әбенова.

        Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *