Семейде 10 739 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр

        Тұрғынүй – коммуналдық шаруашылық бөлімі жетекшісінің орынбасары Диана Шаяхметованың ақпараты бойынша, баспана кезегінде тұрғандардың арасында 403 көпбалалы, толық емес отбасы саны -1654, мүгедек балалары бар отбасы – 1654 құрайды.

        – 2019 жылы кезекте тұрғандардың 210 – ы баспаналы болса, оның 103-і көпбалалы, 27 жетім балалар, 86-ы тұрғындардың әлсіз қорғалған топтарынан- толық емес отбасы, мүгедек балалары бар және оларды тәрбиелеп отырғандар, зейнет жасына жеткендер, 1-2 топтағы мүгедектер мен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілгендер. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі бойынша өз қаражатын жинақтаған бюджеттік ұйымдардан кезекте тұрған 12 тұрғын пәтерлі болды,- дейді Диана Шаяхметова.

        Диана Шаяхметованың айтуы бойынша, өткен жылы 14 көпбалалы, төрт толық емес отбасына және мүгедек бала тәрбиелеп отырған екі отбасына сертификат табысталған. Кейбір тұрғындардың « Бақытты отбасы » бағдарламасы бойынша баспаналы болмауының себебі Тұрғынүй жинақ банкінен несие алуға ниет танытпағандары себеп болғандығын да Диана Шаяхметова тілге тиек етті.

        – Мемлекеттік бағдарлама талабына сай әр отбасы мүшесіне қажет 42 500 теңге қаражаттың жетіспеуі, сондай-ақ өткен жылдары несие тәртібін бұзған, болмаса алғашқы жарнаны төлеуге қаражаты жетпейтін азаматтардың өтінішін банк қанағаттандырмай тастауға мәжбүр болды. 2019 жылға талдау бойынша, бюджет қаражатынан тұрғын үй сертификаты Қарағайлы шағын ауданынан 20 отбасыға берілген-, деген Диана Шаяхметова бағдарлама талабы бойынша толық емес отбасы баспаналы болуы үшін некен бұзылғаннан кейін үш жыл уақыт өтуі тиіс. 2019 жылы осындай 15 толық емес отбасы баспана кезегіне тұруға өтініш берген.

        Семей қаласының ақпарат орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *