Семейде пара-пауэрлифтинг турнирінің чемпиондарын қарсы алды

8-11 наурыз аралығында елордада пара пауэрлифтинг бойынша турнир өтті, оған еліміздің 18 қаласынан жүзден астам спортшы қатысты. Шығыс Қазақстан облысының намысын тоғыз спортшы қорғады, олардың сегізі – семейліктер. Жарыс нәтижесі бойынша біздің спортшылар 4 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды. Бұл жарыстарға дайындық бір айдан астам уақытқа созылды. Спортшылар көп дайындалып, жаттықты. Бүгін чемпиондарды теміржол вокзалының перронында жақындары мен қала басшылығының өкілдері қарсы алды.

– Біздің команда жақсы өнер көрсетті. Шығыс Қазақстан облысының командасы құрамында тоғыз спортшының сегіз спортшысы Семейден болды. Жалпы команда 4 алтын, 2 күміс және бір қола медаль алып келді. Қоланы Өскемен спортшысы жеңіп алды. Жарыс өте нәтижелі өтті, команда лайықты өнер көрсетті. Қарсыластар аса көп болған жоқ, төрешілер негізінен техникаға қарады. Спортшылар барлық Қазақстаннан жиналған, бірақ біздің спортшылар өздерін өте лайықты көрсетті, – дейді Семей командасының өкілі Андрей Москалев.

Тәжірибелі спортшылармен қатар команда құрамында жаңадан келген спортшылар да болды. Олар үшін бұл турнир бірінші және ең маңызды жарыс болып табылды.

– Бұл менің алғашқы жарысым, сондықтан да өте қиын болды. Мен не күтетінімді және мұның бәрі қалай болатынын білмедім. Қандай әсер алғанымды да сипаттай алмай отырмын. Қол дірілдеп, күлімсіреп жүрдім. Біздің жаттықтырушыларымызға алғысымды білдіргім келеді. Олар бізге өзімізге сенімділік беріп жүргендері үшін. Осылайша біз оларды жетістіктерімізбен қуантуға тырысамыз. Жарыста екінші орын алдым, бірақ келесі жолы, одан да жақсы дайындалып, алтын аламын деп ойлаймын, – деп турнирдің күміс жүлдегері Роман Лёсс өз әсерімен бөлісті.

Сонымен қатар, спортшылар Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов пен көпбалалы отбасы балалары мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін спорт залдарында тегін айналысуға мүмкіндік беріп отырып, қала спортын дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан мәслихат депутаты Андрей Алтайбаевқа алғысын білдірді.

Семей қаласынын ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *