Семей әкімі Мелькомбинат алаңындағы үй тұрғындарымен кездесті

Семей әкімі Ермак Сәлімов Мелькомбинат алаңындағы үй тұрғындармен кездесті. Сәуір айында бұл жерден өрт шығып, үйдің шатыры жанып кетті. Үйді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта өрттен зардап шеккендер № 42 мектеп-интернатқа орналастырылды. Тұрғындар әкімге үйде қосымша жөндеу жүргізу туралы өтініш білдірді.

-20 сәуірде бізде өрт болды. Жөндеу жұмыстары екі ай жалғасып келе жатыр. Бізде үйде қосымша ішкі жөндеуге қатысты сұрақтарымыз бар. Кейбір тұрғындарға төбемен мәсеое шешілмей отыр, кейбір жерде электр сымдарына қатысты сұрақтар туындап жатыр, – дейді үй тұрғындардың бірі Төкен Бигалиева.

Қала басшысы үй жағдайын қарап, барлық жұмыстар сметаға сәйкес жүргізіліп жатқанын, ал ішкі жөндеумен тұрғындар өздері айналысуы керек екенін айтты.

– Біз сметаға сәйкес жұмыс істеп жатырмыз, қазіргі таңда жұмыстар әлі де жалғасуда. Әр жағдайды бөлек қарастырамыз, шешеміз. Бірақ тұрғындардың өздері де жөндеу барысын бақылау керек. Үй сыртын қалпына келтіру бойынша барлық жұмыстар жасалады, ал ішкі жұмыстарды тұрғындардың өздері жүргізуі керек, – деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Қазіргі уақытта үй шатырын, электр сымдарын және екінші қабаттың төбелік бөлігі ауыстырылды, енді мұнда ақтау жұмыстары жүргізіліп, баспалдақтарды ауыстыру мен үй сыртын ағарту жұмыстары жүргузулетін болады. Қала басшлығы қалпына келтіру жұмыстары апта ішінде аяқталады деп сендірді.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *