Қоңыр әулие үңгірінің тарихы

Семей өңіріндегі Абай ауданында Қоңыр әулие үңгірі бар. Бұл жергілікті тұрғындар үшін киелі орын. Мұнда туристер көптеп ағылады. Бұл жерде кезінде Абай болған. Мұхтар Әуезов те талай мәрте осы киелі орынға келген.

Қоңыр әулие үңгірі туралы мифтер мен аңыздар жетерлік. Бұл жерді ең алғаш рет Қоңыр пайғамбар тапқан екен. Аңыз бойынша Нұхтың кемесіне үш пайғамбар жете алмай, тасқын кезінде бөренені паналапты. Су тасқынының беті қайтқан кезде Қоңырдың бөренесі Ақтас жотасына келіп тірелген екен. Онда осы үңгір болған. Үңгірдің ішіндк емдік қасиетке ие су болған. Судың мөлдірлігі кристалдай жарқырап тұрған. Бірақ су суық болған (судың температурасы небәрі 4 градус ғана жылы).

Жергілікті ақсақалдардың айтуынша, судың қасиетін бұрынғы ата-бабалар білген. Мұнда жоңғарлармен соғыста жарақат алған сарбаздар келіп, ем қабылдаған.

Осы киелі орынға келушілер қасиетті суға түсіп, ем болатынына сенеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *