Курчатовтағы жүзден астам жастар жұмысқа орналасуға көмек сұрады.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында Курчатов қаласының әкімі Алексей Глазинский айтты.

Қазіргі күні Курчатов қаласында жастары 14 жастан бастап 29 жас аралығындағы 2220 адам өмір сүріп жатыр, бұл қала тұрғындарының жалпы санынан 18% құрайды. «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмысқа орналастыру мақсатында, 124 жұмыссыз жастар «Курчатов қаласының жұмыспен қамту орталығына» жұмысқа орналастыру мәселерімен жүгінді, олардың 43 (тұрақты негізде), 37 (қоғамдық жұмыс), 10 (жастар тәжербиесі бойынша) жұмысқа орнатылды. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 5 адам жалпы сомасы 2 млн. 778 мың теңге көлемінде грантқа ие болды.

Айта кетейік, қалада еріктілік те белсенді дамып келеді. Ағымдағы жылы еріктілермен 100 аса іс-шаралар өткізілді. Волонтерлер саны 57 адамды құрайды. Көмек көрсетілген отбасылар саны – 70. «Подарим семьям тепло наших сердец» қайырымдылық акциясы аясында кәсіпкерлер санынан еріктілермен көп балалы отбасыларға азық-түлік жинақтары түрінде көмек көрсетілді.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *