Санитарлық нормаларды орындау – маңызды талап

Санитарлық нормаларды сақтау – коронавирусқа қарсы күрестегі маңызды талап. Сондықтан мониторингтік топтар Шығыс Қазақстан облысының аумағында эпидемияға қарсы шаралардың орындалуын тексеру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
Рейд барысында ереже бұзу фактілері әлі де тіркеліп отыр.
Облыс орталығында бір күнде 80 нысан тексерілді. Нәтижесінде демалыс күні жұмысын тоқтатпаған “Шанхай” автожуу мекемесінің қожайынына 319 470 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ “Рауан”, “Рубин”,”Даниил”,”Fix Price” дүкендері мен “Азалия” гүл сататын дүңгіршегінде санитарлық нормалардың сақталмағаны анықталды. Айыппұлдың жалпы сомасы – 208 350 теңге.
Курчатов қаласында 5 нысанда рейд жүргізіліп, Ш. Абу және Ж. Жабайханов есімді тұрғындарға 2 айыппұл салынды.
Жарма ауданында санитарлық нормалады бұзу бойынша 2 факті тіркеліп, Қалбатау ауылының тұрғыны Р.Капслямоваға және Жаңғызтөбе кентінің тұрғыны Г.Қасымханға 2 айыппұл салынды (41 670 теңгеден).
Алтай ауданында сатып алушыларға медициналық қолғапсыз қызмет көрсеткен «Фасоль» дүкенінің директорына («Рубцова Е.В» ЖК) айыппұл салынды.
Үржар ауданында 3 ереже бұзу фактісі анықталды. Мақаншы ауылында дүкеннің сатушысында медициналық маскалар қоры болмаған – 41 670 тенге айыппұл. Сонымен қатар, Үржар ауылында дүкенге маскасыз келген екі тұрғынға айыппұл салынды.
Катонқарағай ауданында 17 нысан тексерілді. Белқарағай ауылында 1 ереже бұзу фактісі тіркеліп, “Алмагүл” дүкенінің сатушысына 41 670 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Глубокое аудынында 18 рейд жүргізіліп, 98 нысан қамтылды. Маскалық режимді бұзған В.Рыльский, А. Панин есімді азаматтар анықталды. Салынған айыппұлдың сомасы – 83 340 теңге.
Риддер қаласында 5 рейд өтіп, 69 нысан тексерілді. Нәтижесінде 402 810 теңге көлемінде 3 айыппұл салынды: «Крестьянский дом» дүкенінің демалыс күні жұмыс істегені және Риддер металлург кешенінде жауапты тұлға санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз етпегені анықталған.
Айта кетсек, ШҚО-да барлығы 128 мониторингтік топ жұмыс істейді, олардың құрамына полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының мамандары кіреді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *