Семейде Тұңғыш Президент күнінде 54 отбасы пәтер алды

Қарағайлы ықшам ауданындағы 9-қабатты жаңа үйден пәтерлер кілтін жаңа қоныстанушыларға қала әкімі Ермак Сәлімов табыстады. Қоныстануды бүгін көпбалалы және аз қамтылған отбасылары, жетім балалар тойлауда.

– Бүгін, біз, қалыптасқан игі дәстүр бойынша біздің семейліктердің қуанышын бөлісу үшін жиналдық. Аталған іс-шара Қазақстан Рсепубликасының Тұңғыш Президенті күнінде өткізілуде. Елбасының арқасында көп ұлтты Қазақстан халқы қазіргі келісім мен бірлікті жасауда. Біз өз болашағымызға сенімдіміз, өйткені біз күшті, еркін және қарқынды дамып келе жатқан мемлекетте өмір сүреміз. Біз, қысқа мерзімде, Елбасының басшылығымен біздің еліміз өткен барлық өзгерістердің куәсі болу құрметіне иелендік. Еліміз дамуымен бірге бәріміздің сүйікті Семейімізде дамуда. Оның жарқын көрінісі – қазіргі заманғы және болашағы зор Қарағайлы ықшам ауданы, бұл жерде біз кезекті жаңа пәтер кілттерін табыстаудамыз. Мерекелеріңізбен құрметті жерлестер, қоныстарыңыз құтты болсын – деп құттықтады қала басшысы.

Қоныстанушыларда қуаныштарын жасырмайды.

– Бұл үлкен сыйлық. Мен жетім ретінде кезекте ұзақ жыл тұрдым, енді міне мереке күні осы пәтер мен үшін өте үлкен сыйлық болды – дейді қоныстанушылардың бірі Марина Панчуковская.

Кілттерді табыстап, Ермак Сәлімов бірнеш пәтерлерді қарады және қоныстанушыларды тағыда мерекелерімен құттықтады.

Жыл соңында, тек Семей қаласында ғана 252 отбасы жаңа пәтер алады. Олардың 125 көпбалалы отбасына, 51 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне және 76 пәтер халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *