ШҚО Бесқарағай ауданында арнайы техника жаңартылды

Биыл Шығыс Қазақстан облысының қысы аязды және қарлы болды. Бесқарағай ауданында алдағы табиғат құбылыстарына дайын болу үшін қосымша 3 арнайы автотехника сатып алынды.

Биыл Шығыс Қазақстан облысының қысы аязды және қарлы болды. Бесқарағай ауданында алдағы табиғат құбылыстарына дайын болу үшін қосымша 3 арнайы автотехника сатып алынды.

2020 жылы аудандық бюджеттен Бесқарағай ауданында сумен жабдықтау және оны күтіп-ұстау жұмыстарын орындау үшін “Беларусь 82” экскаватор-тракторы сатып алынды.

– Сондай-ақ Ресей Федерациясымен және Павлодар облысымен шектесетін шалғай Ерназар және Жетіжар ауылдық округтеріне кентішілік жолдарды күтіп ұстау және округтің елді мекендерін абаттандыру, тұрғындарды жолдарда қолайлы және қауіпсіз жағдайлармен қамтамасыз ету үшін техника, МТЗ тракторлары сатып алынды, – деп атап өтті “Бесқарағай ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ басшысы Сұңғат Назаров.

Сонымен қатар, қысқы уақытта автожолдарға қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін мердігерлік ұйымдар өз автопарктерін жаңартуды жалғастыруда. Бұл бағыттағы жұмыстар 2021 жылы да жалғастырылмақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *