Семейде жол жөндеу жұмыстары басталды

Өткен жылы орташа жөндеу жұмыстары Семей қаласының 50 км-ге жуық жолын қамтыды. Ағымдағы жылы қала жолдарын орташа жөндеуге 450 млн теңге бөлінді. Нәтижесінде жеті шақырымнан астам жол жөнделеді. Бөлінген қаражатқа Семейдің сегіз көшесі орташа жөндеуден өтпек. Оның ішінде Алтай көшесі және Морозов көшесінен Шәкәрім даңғылына дейінгі бөлік қамтылған. Өткен байқаудың қорытындысы бойынша  мердігер ұйым болып  “Гордорстрой”ЖШС кәсіпорны таңдалды.

Жолдарды жөндеу жұмыстары 9 сәуірден басталды. Бүгінгі таңда жол жабынының қанағаттанарлықсыз жағдайы байқалатын көшелерді фрезерлеу жүргізілуде. Олардың арасында Чехов, Щорс және Аймауытов көшелері бар. Мұндағы мердігер ұйым – “Тазалық” ЖШС.

– Бірінші кезекте көшелер көлік қатынасымен қамтылған  жөндеуге кезек беріледі. Содан кейін екінші кезектегі көшелерге бет бұрамыз. Ағымдағы жөндеуге екі бригада жұмылдырылып, сол және оң жағалау  қамтылған. Күнтізбелік кестелер бекітіліп, жөндеу жұмыстарын келісілген мерзімде орындауды жоспарлаймыз. Алдағы уақытта, егер қосымша қаржыландыру бөлінсе, біз тек автокөлікпен қатынайтын көшелерде ғана емес, екінші дәрежелі көшелерде де басқа жұмыстарды жоспарлап отырмыз. Қазір Әуезов даңғылы мен жол төсемінің қанағаттанарлықсыз жағдайы байқалатын басқа да көшелерде жөндеу жұмыстары өзекті күйінде қалып отыр. Қосымша қаражат бөлуді күтеміз, – дейді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің орынбасары Нұрлан Серғазинов.

Әр көшеде тиісті арнайы техника жұмыс істейді. Асфальт төсегіштер, жол фрезерлік қондырғылары және жол жұмысшыларының тобы жұмылдырылды.

Бүгінде Дулатов көшесіндегі жағдайды су құбырларын жүргізген мердігер ұйым өз жауапкершілігіне алып отыр. Қазіргі уақытта мәселе ашық күйінде қалып отыр.

Көлік бөлімінде айтылғандай, орындалған жұмыстардың сапасын тексеріп, объектіні қабылдағанға дейін баратын зертхана мамандары жұмыстың орындалуын мұқият қадағалайды.

– Жолдарды жөндеуге жұмылдырылған барлық кәсіпорындарда асфальтбетон қоспасын шығару және төсеу сапасы бойынша аттестатталған зертханалар бар. Асфальтбетон қоспасын сынау жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен тиісті  шарттар жасалды. Жұмыс аяқталғаннан кейін зертхана  сынамалар алып, талдауды жүзеге асырып,  нәтиже береді. Егер қоспаның сапасы, төсеу туралы сұрақтар туындаса, бұл кемшіліктерді өз есебінен жоятын мердігердің назарына жеткізіледі. Содан кейін зертханалық талдау қайтадан жүргізіліп, осыдан кейін ғана нысанды қабылдау мәселесі шешіледі, – деп қорытындылады Нұрлан Серғазинов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *