ШҚО-да карантин талаптарын бұзудың 10 фактісі анықталды

Өңірде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша мониторингтік топтар жұмысын жалғастыруда.
4 мамырда Өскемен қаласында мониторингтік топ 162 нысанға тексеріс жүргізіп, шектеу шараларын бұзған 8 фактіні анықтады. Сонымен қатар, азық-түлік дүкендерінде сатушылар медициналық маска тақпаған. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 175 020 теңгені құрады.
Риддерде бақылау тобы 5 рет рейд жүргізіп, 71 нысанды аралады. Нәтижесінде шектеу шараларын бұзған 1 факті анықталды. Бұған дейінгі жүргізілген рейд барсында анықталған бұзушылық бойынша қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 43 755 теңге сомасына 1 айыппұл салды.
Алтай ауданында 138 нысанға мониторинг жүргізіліп, карантин талаптарын бұзған 1 факті анықталды.
4 мамырда облыстың қалалары мен аудандарында барлығы 1000-нан астам нысан тексерілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *