«Халықтарды біріктірген өнер» көрмесі ашылды

Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 30 жылдығына орай «Халықтарды біріктірген өнер» атты жаңа көрме ашылды. Аталған көрме Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында өткізіліп отыр.
Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. 1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматыда 11 егемен мемлекеттің басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол қойды. Әр ұлт өкілдерін біріктірген одақ саяси тұрғыдан ғана емес, мәдени жағынан да үйлесімді дамуына негіз болды.
Музейдің парақшасындағы ресми ақпаратқа сүйенсек, 1985 жылдан бастап, мұнда Қазақстан, Грузия, Армения, Ресей, Беларусь, Тәжікстан және бұрынғы КСРО-ның басқа да елдерінің бейнелеу өнерінің қоры жиналыпты.
–        Көрмеге қойылған туындылар музей қорынан жинақталған. Қорда ТМД құрамына кіретін кескіндеме, графика, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің 2000-ға жуық туындылары сақталған, – деп жазылған ресми парақшада.
Көрмеге А. Аракелян, М. Абегян, М. Оганесян, В. Джибути, С. Бабиков, А. Васильев, В. Калинин, М. Нарымбетов, Б. Бапишев, Р. Бурахметов және басқа да танымал суретшілердің туындылары қойылған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *