Зарина Бикулова: “Әскерде әйелдер жоқ, әскери қызметкерлер бар»

Зарина Бикулова бала кезінен музыкамен айналысып, Музыкалық білім алып, түрлі байқауларға қатысты. 2009 жылы оның өмірі күрт өзгерді.
 
Қыз әскери бөлімнің оркестріне қатысып, өзін сынап көруді шешті.
– Музыкалық білім алдым. Бірақ үрмелі аспаптар класы бойынша емес еді. Десе де, маған үрмелі аспаптарда ойнауды үйренуге тура келді. Әрине, басында жаңа құралды үйрену мен әскери істі түсіну қиын болды. Бірақ тапсырманы өз ұжымымның қолдауымен орындап шықтым. Соның арқасында тәжірибе жинап, музыкант ретінде аяққа тұрдым, – дейді 5518 әскери бөлімі әскери оркестрінің концертмейстері кіші сержант Зарина Бикулова.
Оның айтуынша, ұжымның берекесі бекем болса, жүмысың да нәтижелі болдаы. Оркестрде үш қыз қызмет жұмыс істейді. Ұжымдағы ер азаматтар әріптестеріне қамқорлық жасайды.
– Әрине, “әскерде әйелдер жоқ, әскери қызметкерлер бар” деп бекер айтылмаған. Бірақ ұжымдағы ер адамдар бізге өте мейірімді. Біз үшін әскери қызметте әйел болсақ та ерлермен қатар еңбек етуіміз керек, – дейді Зарина Бикулова.
Негізгі міндеттерден басқа – қойылымдарды музыкамен қамтамасыз ету, әскери музыкант үнемі іс-сапарларда болып, түрлі байқауларға қатысады. Әскери қолөнерде жетістікке жету, теория мен практиканы білу, атыс алаңында жақсы нәтиже көрсету, тактикалық білімді шыңдау маңызды.
– Жұмыс жеңіл емес. біздің барлық уақытымыз концертке дайындалуға кетеді. Түстен кейін нормативтерді тапсырамыз. Яғни, жүгіреміз, мылтық атамыз, өмір қайнап жатыр, – дейді концертмейстер.
Заринаның отбасы оны әрдайым қолдайды. Себебі олар әскери қызметкердің мойнында қандай жауапкершілік бар екенін біледі.
– Менің жұмысым – бұл менің өмірім. Сүйікті іспен айналысқан кезде шаршауға мән бермейсің, – дейді Зарина Бикулова
Оның айтуынша, кәсіби жолды таңдаудағы ең басты көмескі күш ол – қомандалық қолдау.
– Олар менің әскери отбасым. Біз қыз болсақ та, ерлермен қатар бір жауынгерлік тапсырманы орындаймыз. Олар бізді бағалайды. Ерлер командасында жұмыс істеудің артықшылығы не екенін білесіз: бас тарту қиын, біз әскери ұжымның мақтанышымыз және гүліміз, – дейді ол.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *