Биыл Семей жолдарын орташа жөндеуге 450,581 мын теңге бөлінді

Ол қаланың 11 көшесін яғни Елемесов, Грязнов, Кордонная, 3 өткел, Алтай, Паровозная, Стальский, Синицын, Севастопольская, Сыбанов көшелерін және Теміржолшылар кентіне баратын жолды қамтиды. Мердігер ұйым болып “Гордорстрой” ЖШС белгіленді. Бұл жөнінде арнайы өткен баспасөз брифингінде қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұманов мәлімдеді.

– Облыстық бюджеттен жолдарды орташа жөндеуге қосымша 1 млрд теңге бөлінді. Жұмыстар Әуезов даңғылы мен қала жолдарын орташа жөндеу бойынша орындалатын болады. Конкурстық құжаттама дайындалды.Қазіргі уақытта жоғарыда аталған жұмыс түрлерін жүргізуге мердігерлерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде, – деді Жұманов.

Сондай-ақ, Семей қаласының шет аймақтарын дамытудың 2020-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ұшақтар кенті, Комсомоль кенті және Ақсайшағын ауданында қиыршық тасты қолдана отырып, жолдарды кескіндеу орындалды.

Сонымен қатар, “Семей Тазалық” ЖШС 83 744,755 мын теңге сомасына қала жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Бүгінгі күні Семейдің 12 көшесінде және автожол көпірінің жүріншілер бөлігінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

– Қаланың жаяу жүргіншілерге арналған жолдарын  жөндеуге “Айым”ЖШС – мен 41440, 00 мың теңге сомасына шарт жасалды. “Халықтың бюджетке қатысуы” жобасы аясында Би-Боранбай көшесі тұрғындарының өтініші бойынша қаланың орталық бөліктерінде тротуарлар салу жұмыстары жүргізіледі, – деп қорытындылады Серікқали Жұманов.

 

ШҚО “Шығыс ақпарат” ЖШС АКҚ Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *