Даниал Ахметов облыс тұрғындарын Алғыс айту күнімен құттықтады

Қазақстанда 1 наурызда достық пен келісімнің, бір-біріне деген құрмет пен көңіл бөлудің символына айналған Алғыс айту күні атап өтіледі. Алғыс айту күні қарсаңында еліміздің шығысында қайырымдылық акцияларынан бастап, мерекелік концерттерге дейін әртүрлі іс-шаралар өткізілуде.

«Бүгін біз ерекше мерекелердің бірі – Алғыс айту күнін атап өтудеміз. Дәл осы күні біз адал еңбегінің арқасында өмірімізді жақсартуға айырқша үлес қосып жүрген жандарға, жаңа жетістіктерге ұмтылғыш, әлсіздерге қашанда көмек қолын созып, қиындықтарды жеңе білетін ерекше жандарға рақмет айтамыз. Бүгінде дәрігерлер, мұғалімдер, полицейлер мен құтқарушыларға алғыс айту өте маңызды. Себебі бүгінгі жарқын күнімізді бұл адамдарсыз елестету мүмкін емес. Күнделікті өмірімізде көре бермейтін зауыттардағы станокшыларға, фермалар мен шаруа қожалықтарындағы жұмысшыларға да алғысымыз шексіз. Сондай-ақ, қиын кезеңдерге тап болғанда, риясыз көмектерін аямайтын және кез-келген жағдайда қолдау көрсетуге дайын жандар – еріктілерге алғыс білдіреміз.

Бүгінгі мереке қарсаңында мен айналамыздағы адамдарға жанашыр және мейірімді болуды тілеймін. Әр шаңырақта жайлылық, тыныштық пен қуаныш орнасын. Алғыс айту күні құтты болсын!”, – деп құттықтады Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

ҚХА мүшелерінің, этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің, ҚХА ақсақалдар кеңесінің, ҚХА Аналар кеңесінің, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының, шығармашылық ұжымдардың, «Ассамблея жастары» белсенділерінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтетін Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының «Ұлт, ұлысқа ортақ үй – Қазақстан» атты концерті мерекенің шарықтау шегі болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, Алғыс айту күні елімізде 2016 жылдан бастап ресми түрде атап өтіледі. Бұл күні өткізілетін іс-барлық іс-шаралар бірлік пен достықты, татулық пен келісімді арттыруға бағытталған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *