Ұлттық дәстүрлер мен сайлау: Шығыс Қазақстанның жастары сайлау учаскелеріне ерекше үлгіде келуде

ҚР Парламенті Мәжілісі мен Шығыс Қазақстан облысындағы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы жергілікті тұрғындардың жастардың бұрын-соңды болмаған белсенділігімен есте қалады. Алайда, бүгінгі заман рухы қазақ халқының ұлттық нақышымен тығыз байланысты. Мұны әсіресе, сайлау учаскелеріне келген өңір тұрғындары сезінді.

Наурыз-көже, бауырсақ,” бата ” және көкпаршылар – кезектен тыс сайлауда Шығыс Қазақстан тұрғындары желі қолданушыларын таң қалдыруда.

Самар ауданында №835 сайлау учаскесінде талай додаларда жүлделі болған көкпаршылар Арнайы киім киіп, астындағы тұлпарымен сайлау учаскесіне келіп, өз дауыстарын берді. «Біз республикамызда болып жатқан өзгерістерді қолдап, жастарға қазақ халқының салт – дәстүрлерін сақтаудың маңыздылығын көрсетуді ұйғардық, – деді “Дархан ат”спорт клубының жетекшісі Қанат Бикатов.

Мүмкін, сайлау учаскесіне ұлттық нақышта келген жігіттерге жаңа жылдың басталуы, наурыз мерекесінің жақындап қалуы әсер еткен болар.

Жалпы өңірдегі сайлау ерекше өтуде. Мәселен, Зайсан ауданында сайлаушыларға наурыз көже ұсынылды. Ауыл тұрғындары саяси науқанға қатысып қана қоймай, ұлттық тағамнан дәм татып, жергілікті әртістердің қойылымдарын тамашалады.

Ал Ұлан ауданында көкпаршылар мен бүркітшілердің бүкіл отбасы да бір кісідей сайлау учаскесіне келіп, өз дауыстарын берді. Маркс Нәжітпанның отбасы аймақта өте танымал. Олар сайлауға бүркітіші қызы Айзеремен және қолға үйретілген бүркітпен келді. « Елімізге бейбітшілік пен өркендеу тілейміз. Біздің балаларымыз қазақ халқының символы-бүркіт сияқты ең биік шыңдарды бағындырсын, – деді бүркітші.

Айта кету керек, мерекелік дастархан бүгін таңертең барлық дауыс беру пункттерінде жайылды. Аға буын өкілдері жастарға бата беріп, жылы лебіздерін білдіріп жатты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *