ШҚО-да ғасыр жасаған жандар сайлауда дауыс берді

Шығыстың аға буын өкілдері сайлау үрдісінен тыс қалмады. ҰОС ардагерлері, тыл ардагерлері, 10-нан астам бала тәрбиелеген көп балалы аналар өз кандидаты үшін, туған елінің болашағы үшін учаскелерге келіп немесе үй жағдайында дауыс берді.

Бұл адамдар төзімділіктің, өміршеңдіктің және жауапкершіліктің үлгісі болып табылады. Олардың көпшілігі біздің халқымыздың тарихын өзгерткен оқиғаларға куә болды және олар үшін “Тәуелсіздік”, “таңдау құқығы”, “азаматтық жауапкершілік” және “демократиялық қоғам” сөздері жай сөз емес.

ШҚО Ұлан ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының жалғыз ардагері, 96 жастағы Федор Елизарович Полторацкий үйінде дауыс берді. Айта кету керек, Федор Елизарович әрқашан сайлауға белсенді қатысады, белсенді азаматтық ұстанымға ие.

Алтай ауданындағы Ұлы Отан соғысының ардагері, 96 жастағы Василий Рудомётов те ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.

Василий Григорьевич сайлауға қатысуды өзінің азаматтық парызы деп санайды. Ол біздің еліміз жаңа дәуірге аяқ басып жатқанына және жаңадан сайланған депутаттар халықтың мүддесі үшін жұмыс істейтініне сенімді. ҰОС ардагері өзінің азаматтық ұстанымын үй жағдайында білдірді.

“Тәуелсіз еліміздің болашағы туралы сөз болғанда, біз бәріміз азаматтық борышымызды бір адамдай орындауымыз керек”, – деді Василий Рудомётов. – Менің жасым жүзге жуық болса да, мен үлкен жауапкершілікті сезінемін. Елімізге бейбітшілік, қауіпсіздік, амандық пен бірлік тілеймін.

Сондай-ақ, тура сол Алтайда 100 жастағы Базарбаева Кауе Құсайынқызы тұрады. Ол 1923 жылы Тайнты ауылында дүниеге келген. Оның өмір жолы оңай болған жоқ. Майдангер күйеуі қайтыс болғаннан кейін Кауе Құсайынқызы үш қызын өзі тәрбиелеп өсірді. Біраз уақыттан кейін ол екінші рет отау құрып, ұлды болды. Жұбайымен бірге олар 9 баланы аяққа тұрғызды. Қазір оның 20 немересі, 22 шөбересі және 3 шөбересі бар. Сайлауға Кауе Құсайынқызы балаларының болашағы үшін қатысып, дауыс береді.

Үй жағдайында Глубокое ауданының тұрғыны Сағира Ибрай да дауыс берді. “Алтын алқа” иегері, 100 жастағы Сағира әжей 10 құрсақ көтеріп, тәрбиелеп өсірді. Кейуанада өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Сайлау күні Шығыс Қазақстанның әр өңірінде денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын қарт адамдар өздерінің азаматтық құқықтарын пайдаланып, үй жағдайында дауыс берді, оның ішінде зайсандық 100 жастағы ардагер Зәкен Құрманғожанов пен Нұржамал Жайшыбаева, сондай-ақ тарбағатайлық 98 жастағы Бағила апа бар. Олардың барлығы дауыс беріп, жас қазақстандықтарға тілек айтып, бата беріп, халықтың жарқын және гүлденген болашағына сенім білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *