ШҚО-ның жас спортшылары: «Әр адамның дауысы маңызды»

Риддер қаласында өмірінде алғаш рет 18 жастағы егіз ағайындылар дауыс берді. Архип пен Захар Цыганковтар елдің болашағы жас және бастамашыл азаматтардың қолында екеніне сенімді.

-«Біз сайлауға бірінші рет қатысып отырмыз! Болашағымыз үшін сайлау учаскесіне келдік. Ал еліміздің болашағы біздің таңдауымызға байланысты! Тіпті бір адамның дауысы көп нәрсені шешеді! Өз дауысымызды бере отырып, біз өзіміз үшін кішкене қадам жасаймыз, бірақ бүкіл ел үшін үлкен қадам жасаймыз! – деп санайды олар.

Жастар волейболмен айналысады, әртүрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары. Сонымен бірге үлгерімі жақсы, мектептің қоғамдық өмірінеде белсене араласатын жандар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *