Тарбағатай ауданында 2022 жылы 30 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды

Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникация қызметі алаңында Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Шомпайұлының қатысуымен 2022 жылғы Тарбағатай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2023 жылға арналған міндеттер жайлы брифинг өтті. Тарбағатай ауданы 2022 жылдың қорытындысы бойынша аудан көлемінде 30 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып, 1,2 млрд. теңге қаражат жұмсалыпты. Мәселен Ақжар және Тұғыл ауылдарына балалар ойын және спорт алаңдары, 7 ауылға көше жарығы орнатылды, 2,5 км ауыл ішіндегі жолдар жөнделді, 11,6 км аудандық маңыздағы автокөлік жолдары орташа жөнделді, Жетіарал және Қабанбай ауылдарына баратын жолдар, Қабанбай – Шорға жолын жөндеу жұмыстары басталыпты. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 7 үй салынып, 3 білім беру саласының, 2 денсаулық сақтау саласының нысандары жөнделіпті. Сондай-ақ, Ақжар ауылына аудан орталығы статусы берілгендіктен 4 әкімшілік ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілгенін брифнг барысында белгілі болды. «Биылғы жылы Тарбағатай ауданына 6,9 млрд. теңге бөлініп отыр. Аталғаны қаржының 3,2 млрд. теңге әлеуметтік салаға бөлініп отыр. Бұл ретте Тарбағатай ауданының денсаулық сақтау саласына ерекше тоқталып өткен жөн. Былтыр аудандық аурухананы орталықтандырылған оттегімен жабдықтау мақсатында оттегі генераторын орнату үшін 45 млн. теңге, аурухананың барлық стационарлық бөліміне оттегі жүретін желі тарту үшін тікелей облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен «Парыз» қорынан қосымша 37,3 млн. теңге қаржы бөлінген. 2023 жылы перзентхана бөліміне күрделі жөндеу жұмыстарына 155,5 млн. теңге, аудандық аурухана ғимаратының жылу, кәріз, су жүйелерін күрделі жөндеуге 128,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Есептік кезеңде Аудандық ауруханада массаж, логопед-деффектолог, ЛОР, реабилитолог, травмотолог мамандары өз жұмыстарын бастады. Рентген кабинетінде цифрлық рентген РАСS жүйесі орнатылды, аудиологиялық скрининг аппараты, цифрлық флюроаппараты алынды. Сонымен қатар, Инвиво зертханасының кабинеті ашылды, енді аудан тұрғындары анализдерді тапсыру үшін қалаға бармай, аталмыш зертханаға тапсыруда. Тұғыл амбулаториясына физио және флюрография кабинеттері ашылды, коагулограмма жасау аппараты алынды. Аудандық оңалту орталығы «Қазақатсан халқына» қоры арқылы 25,0 млн. теңгеге жабдықталмақ»,- деді Тарбағатай ауданының әкімі. Сонымен қатар алдағы уақытта аудандық аурухана перзентханасын
ІІ дәрежеге жеткізу, яғни жүкті азаматшаларды қалаға сандалтпай, сәбилерді ауылда босандыруға қолайлы жағдай жасалу көзделуде. Ол үшін 280,0 млн. теңгеге медициналық құралдар алынып, дәрігерлер шетелге барып, білімдерін арттырып келіпті. Және аудандық ауруханаға КТ аппаратын алу жоспарланып отыр екен. Осылайша Ақжар ауылындағы аудандық аурухана аудан тұрғындарына ғана емес, жақын аудандардың тұрғындарына да медициналық қызмет көрсетпек. Сонымен қатар Тарбағатай ауданы бойынша жаңадан 9 медициналық пункт құрылысы жоспарланған, оның 6-уы биыл жүзеге асырылмақ. Ал ауданда білім саласынада да ерекше көңіл бөлініп жатқанын брифингте Дархан Жөргекбаев жіті тоқталып өтті. «Білім саласы бойынша 2022 жылы 3 жоба жүзеге асырылса, биыл 1,2 млрд. теңгеге 17 жоба жоспарлануда. Атап айтқанда, Шеңгелді ауылына 100 орындық мектеп құрылысы басталды, соммасы 500,0 млн. теңге, Ақжар ауылында Билялов атындағы мектеп-лицейді күрделі жөндеуден өткізуге 119,0 млн. теңге бөлініп, ғимараттың жылу жүйесі мен терезелерін ауыстыру жұмыстары жүргізілмек. Маңырақ ауылындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепті күрделі жөндеуден өткізуге 146,8 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, бюджеттен тыс қаражат есебінен білім саласын дамытуға 260,0 млн. теңге инвестиция тартылды. Атап айтқанда, Құйған ауылы мектебінің материалдық техникалық базасын жақсартуға инвестор «АСМ Холдинг» ЖШС 3,9 млн. теңге бөлді. «Ауылды жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін арттыру жобасы» аясында «Қазақатсан халқына» қоры мен «Білім беру саласын тұрақты дамыту» қоры есебінен 250,0 млн. теңге бөлініп, Абай орта мектебі Назарбаев зияткерлік мектебі деңгейінде жабдықталмақ»,-деді аудан әкімі. Тарбағатайда мәдениет саласының дамуына да жіті көңіл бөлініп келеді. Өткен жылы 2022 жылы Жаңаауыл ауылындағы мәдениет үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілсе, ал биылЖетіарал, Маңырақ ауылдарының мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар Ақжар халық театрының 60 жылдық мерей тойына орай, «Ақжар» эстрадалық ансамблі жұмысын қайтадан жандандыру қолға алынбақ және ауданда Ұлттық аспаптар оркестрін құру жоспарлануда екен. Ал Спорт саласын дамыту мақсатында Тұғыл ауылынан дене шынықтыру және спорт кешенін салу жоспарланған. Аталмыш жоба Республикалық «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2023-2024 жылдары іске асырылмақ, нәтижесінде Тұғыл ауылында әлемдік және халықаралық жарыстарды өткізуге болады. Тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 3 жылдық жоспар жасалып, 2025 жылға қарай аудан халқын 100,0 пайыз толық таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын брифингте аудан әкімі айтып өтті. «Жаңаауыл ауылының су құбырын қайта жаңғырту жұмыстарына 442,0 млн. теңге, Құйған ауылының су құбырын қайта жаңғыртуға 464,0 млн. теңге, Асусай, Шорға, Жаңатілеу, Шеңгелді елді мекендеріне су құбырын салуға жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, құрылысын жүргізу және Тәуке Қазақстан, Шолақорда, Қарой, Ахметбұлақ, Сарыөлең ауылдарының су құбыры желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстарының нәтижесінде орталықтандырылған су жүйесін тұрғын үйлерге кіргізу және көше коланкаларын орнату арқылы 2025 жылы аудан тұрғындарын 100,0 пайыз толық таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сонымен қатар ауыл тұрғындарының хал-ахуалын арттыру үшін ең алдымен жол инфрақұрылымын жақсарту керектігі белгілі. Аудандық маңыздағы ауылдық округ орталықтарына баратын негізгі жолдарды 100% асфальт жолмен қамтамасыз еттік»,-деді спикер.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *