ШҚО оқушылары Жол қозғалысының жас инспекторларының халықаралық слетінде жалпыкомандалық 1 орынға ие болды

Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы «Жол қозғалысының жас инспекторларының» халықаралық слетінде 1 орынға ие болды. Чемпионат 23-27 мамыр аралығында Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласында өтті. Қазақстан атынан Өскемен қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебінің командасы қатысты Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбек айтып өтті.

“Сондай-ақ, білім басқармасы жыл сайын 1-12 маусым аралығында барлық білім беру ұйымдары «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күні» Ұлттық ақпараттық науқанын ұйымдастырады. Балалар еңбегін пайдалану фактілерін анықтау мақсатында базарлар, автожанармай құю станциялары, құрылыс алаңдары және т. б. түрлі объектілер бойынша ата-аналар қоғамының, жастар ұйымдарының, ҮЕҰ өкілдерін тарта отырып рейдтік іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Жазғы каникул қарсаңында ШҚО ТЖ Департаменті шомылатын орындарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде және қала сыртындағы лагерьлер аумағында шомылатын орындардың акваториясын тазарту бойынша сүңгуірлік жұмыстар жүргізілуде”, – деді Әлима Ақылбек.

Сонымен қатар, азаматтық қорғау органдарына көмек ретінде 1306 оқушыны қамтитын 129 “Жас құтқарушы” үйірмесі құрылды. Бұл дегеніміз зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын дамытуға бағытталған және жан-жақты физикалық дайындықтарға көп көңіл бөлінеді. “Баланың игілігі үшін” республикалық акциясын өткізу шеңберінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда 2023 жылғы 17 мамыр мен 17 маусым аралығында Балаларға арналған іс-шаралар, саябақтарға, мұражайларға, кинотеатрларға бару жоспарланған. Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдар мен демеушілердің жетім балаларға арналған мекемелерге барып, сыйлықтар беру көзделінген. Балаларды қорғау күніне орай “Үміт” өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында демеушілер мен аниматорларды шақыра отырып, үлкен іс-шара өткізіледі. 2023 жылдың 1 маусымында мекеменің шығармашылық тобы Ертіс концерт залында қайырымдылық концертімен өнер көрсетеді”, – деді ол. Сондай-ақ облыста жетім балаларды қолдау жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру жалғасуда. Бұған 2000-нан астам жетім бала қамтылды. Жоспарды іске асыру арқылы негізгі мәселелердің бірі, бұл тұрғын үймен қамтамасыз етуді шешпек. Ал өірдегі патронаттық кәсіпорындар баспанамен қамтылу үшін балалардың шоттарына 280 млн теңгеден астам қаражат аударды, 983 бала пәтерге ие болды. Баспана мемлекеттік тұрғын үй қорынан да, патронаттық кәсіпорындардың көмегімен де берілуде.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *