ШҚО-да екі кәсіпорын өз қызметкерлеріне 145 млн теңгеге жуық қарыз болды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Әбілқайыров жыл басынан бері анықталған 498 қызметкерге жалақы бойынша 308,3 млн теңге берешек 170 қызметкерге 158,9 млн теңгеге азайғанын айтты.
– Бүгінгі таңда өңірдің 2 кәсіпорнында 328 жұмыскерге жалақы бойынша берешек 149,4 млн теңгені құрайды. Оның ішінде «Кэмонт» АҚ 286 жұмыскерге 136,8 млн теңге, «ШығысСтройГрупп» ЖШС 42 жұмыскерге 12,6 млн теңге қарызы бар, – деді Қайрат Әбілқайыров. – 2024 жылдың 15 наурызында «Кэмонт» АҚ-да еңбекақы төлеу мәселесі облыстық үшжақты комиссияның отырысында қаралды. Сонымен қатар 2024 жылдың 5 наурызында ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «ЕртісСтройТрест» ЖШС-нің талап-арызы бойынша «Кэмонт» АҚ-ны банкрот деп тану туралы азаматтық іс қозғады.
Баспасөз конференциясы барысында спикер банкроттық рәсімінен өтіп жатқан кәсіпорындарды атап өтті.
– «ШығысСтройГрупп» ЖШС-нің 17,6 млн теңгедегі қарызы өтелді, қалған қарызы 12,6 млн теңгені құрайды, ал «Востокшахтострой» АҚ-ның 51 қызметкер алдында еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша 183 млн теңге қарызы бар, – деп толықтырды ШҚО МЕИБ басшысының орынбасары.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *