ШҚО бойынша 2030 жылға қарай жылына 9774 тонна балық өсіру міндеті алға қойылды

Балық шаруашылығында субсиядалау және салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында «Зайсан-Ертіс облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы» басшысының орынбасары Фархат Байбазаров мәлім етті.
– Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2031 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес республика бойынша балық өсіру көлемін жылына 7-ден 270 тоннаға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Ал ШҚО бойынша 2030 жылға қарай жылына 9774 тонна балық өсіру міндеті алға қойылған. Біздің мақсат – осы белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу жағын қамтамасыз ету, – деді Фархат Байбазаров.
Өткен жылы облыстағы балық шаруашылығын дамыту мақсатында жергілікті атқарушы орган тарапынан 188,9 миллион теңге, ал республикалық бюджеттен 51,1 миллион теңге бөлінген және игерілген. Мұны брифинг барысында «Зайсан-Ертіс облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы» басшысының орынбасары мәлім етті.
– 2023 жылы тауарлы балық өсіру көлемі бойынша ШҚО бойынша 1746 тонна орындалды, – деді Фархат Байбазаров.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *