Семейде Березовский (Птичник) кентінде Белібаев көшесінен Құс фабрикасына дейінгі жолды жөндеу жұмыстары басталды

Бұл жерде жолды жөндеу жұмыстары 10 жылдан артық жүргізілмеген, сондықтан жолдың жағдайына көңіл толмайды. Мердігер мекеме «Семей механикалық зауыты» ЖШС жөндеу жұмыстары 20 қыркүйекке дейін аяқталатынын мәлімдеді. Жұмыс барысымен Семей әкімі Бақытжан Байахметов танысты.

–           Мұнда тұрғындар көп. Басты проблема – жолдар. Қоғамдық көліктердің бұл жолдармен жүрулері өте қиын. Енді бұл мәселе шешіледі. Осы ықшам ауданда сонымен қатар көшелерді жарықтандыру және мектепке дейінгі көшелерді аббаттандыру жобасы жүзеге асырылады. Алдағы жылы бұл жерде, кешкілік уақытта балалардың мектептен үйлеріне алаңсыз қайтулары үшін көшеге жарықтандыру тартып, мектепке баратын жолдарды жөндейміз. Сонымен қатар, қала маңайы жобасы бойынша жұмыстар жалғасуда. Менің жеке парақшамда Талицаға дейінгі жолды жөндеуді сұрауда. Шынында ол жаққа жету қиын. Ол жақта бірқатар кәсіпкерлер бар, олардың өз тауарларын қалаға жеткізулері қиынға соғады. Біз қаражат бөлуді жоспарлаудамыз. 200 млн. теңгеден астам қаражат қажет, – деді Бақытжан Байахметов. 

Естеріңізге сала кетейік, жұмыс күндізгі және түнгі ауысымдарда жүргізіледі.

–           Бүгін біз Белібаев көшесінен Фабричный тұйық көшесіне дейінгі жұмысты бастадық. 20 қыркүйекке дейін жұмысты аяқтаймыз. Кезекте Туристическая көшесі тұр, ол жерде жөндеу жұмыстары 20 қыркүйекте басталып, 30 қыркүйекте аяқталады. Түнгі ауысыммен қатарласып Молдағалиев көшесінде жөндеу жұмысы жүргізілуде, – деп қорытындылады «Семей механикалық зауыты» ЖШС директоры Нұржан Бахаев.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *