Шырайлы шығыста «дарынды оқушылар форумы» өтті

Балалар жылы аясында Шығыс Қазақстан облысының  дарынды оқушылар форумы өтті. Өңірдің білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова дарынды балаларды облас әкімінің атынан мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттап, балаларды қорғау күнімен құттықтады. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды “балалар жылы”деп жариялады. Мемлекет басшысы әртүрлі конкурстар мен жарыстар өткізуге бастамашылық жасады, онда Шығыс Қазақстан облысының балалары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Биылғы оқу жылының өзінде халықаралық және республикалық байқауларда 208 медаль жеңіп алды, оның ішінде 60 алтын, 66 күміс, 82 қола. Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шара аясында республикалық және өңірлік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды, оқуда, шығармашылықта және спортта жоғары жетістіктер көрсеткен дарынды балаларға құрмет көрсетілді. «Бүгінгі форумның мақсаты балаларымызды ынталандыру болып табылады, барлық балалар облыс әкімінен ақшалай және бағалы сыйлықтар алды. Мұндай байқаулар біздің балаларымызға үлкен мүмкіндіктер береді» деп атап өтті Сайрангүл Жұмаділова. Облыстың  балалары өздерінің ақыл-ой, білімі және шығармашылық қабілеттерімен ғана емес, сонымен қатар батылдығымен де ерекшеленеді, дейді ұйымдастырушылар. Мәселен, Семей қаласының № 11 орта мектебінің оқушысы Руслан Омаров балалығына қарамай, ерлік көрсетіп, батылдық танытып  досын құтқарған. Оқушы ҚР ТЖ Министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды. «Сол күні біз жай ғана көшеде жүрдік. Балалар бетон плиталардан суға секіре бастады, менің досым да олармен бірге секірді және жүзуді білмегендіктен батып кетті. Үлкен балалар оны судан тез шығарып алды, ал мен алғашқы көмек көрсеттім»  деді Руслан Омаров. Айта кетейік, бүгінгі форумға облыстың 100-ден астам оқушысы қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *