Референдум-өзгерістерге бастайтын жол

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ШҚО бойынша өңірлік филиалы конститутциялық реформаларды түсіндіру және референдумға қатысуға шақыру мақсатында  ШҚО фермелерінің далалық механикаландырылған бриагадаларымен кездесу өткізді.  Кездесу “Майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығы” ЖШС егістігінде өтті.  Іс-шараға ШҚО-ғы шаруа қожалықтарының механихаторлары, агрономдары, өсімдік қорғау маманлары мен серіктестіктің еңбек ұжымы қатысты. ШҚО бойынша партия жетекшілерінің бірі Камал Арнханов қатысушыларға ҚР Конститутциясына енгізілген түзетулер мен толықтыруларды түсіндіре отырып,  бұл референдум  азаматтарымыздың мемлекеттік басқару жұмысына кеңінен қатысуын қамтамасыз ететін жаңа саяси жүйеге көшуін қарастыратынын атап өтті. “Біздің еліміз аграрлық мемлекет болып табылады және ауыл шаруашылығы экономика саласының маңызды бір бөлігі екендігі сөзсіз. Бүгінде бұл салада мыңдаған адам жұмыс істейді. Біз бәріміз өз мемлекетімізде өзгеріс болуын тілейміз. Алдағы референдум Қазақстан болашағын одан сайын жарқырата түсетініне сенімдіміз” деді  Камал Арнханов.  Сондай-ақ жиында “Восток-Агротех” ЖШС механизаторы Александр Першинде 5-ші маусым күні болатын референдум үлкен өзгерістердің, Жаңа Қазақстанның бастауы болмақ деген ойын білдіре кетті.  “Ата заңның жаңа редакциясында еліміздің барлық табиғи ресурстары Қазақстан халқына ғана тиесілі және осы игілікке иелік ететін тек халық қана” деп айтты еңбек адамы Александр. Жиналғандар бір ауыздан референдумға қатысып, дұрыс таңдау жасайтынын айтып, жоспарланып отырған конститутциялық реформалар қарапайым еңбек адамының ертеңге деген сенімін еселей түсетініне кәміл сенеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *