ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі балалар арасында шығармашылық фестиваль өтті.

“Үміт оты – 2022” фестивалі Үржар ауданында ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қарамағындағы мекеме негізінде Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында өтті.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: “балаларға ерекше назар аудару керек. Олардың әл-ауқаты-мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы және бақытты балалық шағы-бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз” деген еді.
Дарынды балаларды анықтау, жас таланттыларды қолдау және шығармашылығын шыңдау- фестивальдің басты  мақсаты. “Семей, Аягөз қалаларынан, Катонқарағай, Зайсан, Тарбағатай, Үржар аудандарынан 5-18 жас аралығындағы балалар іріктеу кезеңінен өтіп, Үржар ауданы Ақжар ауылындағы Гала-концертке қатысып, өздерінің үздік нөмірлерімен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. “Үміт оты-2022” фестивалі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі деп үміттенеміз. Барлық балаларды мерекемен құттықтаймын, әр отбасына бақыт тілеймін, – деп атап өтті облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Мусинова.
Сөз соңында аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов іс – шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, “Үміт оты-2022″фестивалінің жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *