Даниал Ахметов: “Абай облысының ЖІӨ есептеулеріне сәйкес биыл шамамен 1,9 трлн. теңге”

2015 жылдан 2022 жылға дейін ШҚО республикалық бюджеттен 390,3 млрд.теңге трансферттер алды. Оның ішінде Абай аймағын дамытуға 200 млрд.теңге немесе 51% бағытталды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәслихаттың XVI кезектен тыс сессиясында айтты.
8 маусымда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Ақсуат ауданын, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандарын, сондай-ақ Семей және Курчатов қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Семей қаласында Абай облысы құрылады.
Өңірде алдағы өзгерістерге белсенді дайындық жүріп жатыр. Мәселен  Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының сессиясында депутаттық корпусты бөлу жөніндегі шешімнің жобасы мақұлданды. 8 маусымда Семей қаласында Абай облысы мәслихатының отырысы жоспарланған.
ШҚО әкімі Даниал Ахметов атап өткендей, соңғы 7 жылда аймақ құрамына енген қалалар мен аудандардың экономикасы барлық көрсеткіштер бойынша қарқынды өсіп келеді. “2015 жылдан бастап құрылатын Облыстың өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5 есе өсті. Ауыл шаруашылығы 2,4 есе өсті. 7 жыл ішінде облысқа барлығы 4 триллион теңге инвестицияланды, оның ішінде Абай облысының қалалары мен аудандарына 2,1 триллион теңге инвестицияланды. Мынадай ірі жобалар іске асырылды: біз 2017 жылы салған бірегей Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты, Бақыршық кен орнын өңдеу тұрғысынан өте қиын кен орны. Мұнда 134 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды. Семей қаласының өзінде қуаттылығы 300 мың тоннадан асатын май өңдейтін ірі зауыт салынды, оған 10 миллиард теңгеден астам қаржы инвестицияланды. Бұл біздің әрбір жерлесіміздің үлесі” деді Даниал Ахметов.
Мақсатты трансферттерге келетін болсақ, Абай аймағын дамытуға облыстық бюджеттен 153,9 млрд.теңге бөлінді. Жалпы, 2015-2022 жылдар аралығында бұл сома 353,9 млрд.теңгені құрады. Атап айтқанда, инвестициялар Денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылым және ТКШ, Мәдениет және спорт салаларына салынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *