Риддер ЖЭО-ның жаңа иелері станцияны энергетикалық күйреуге апарады

Бүгін екі қазандықта өрт шықты, облыс әкімі Даниал Ахметов шұғыл түрде Риддерге барып, кезектен тыс кеңес өткізді.

Станцияның жаңа иелері өздеріне жүктелген жауапкершілікті арқалай алмай жатыр, технологиялық процестер бұзылған, инженерлік бақылаудың болмағаны анық. Облыс әкімінің айтуынша, қаңтар айынан бастап жаңа “инвесторлар” жабдықтарды жөндеуге, дебиторлық берешекті, отын жеткізушілер алдындағы борыштарды және жөндеу жұмыстарын өтеуге қаражат салған жоқ. Нәтижесінде, тағы бір төтенше жағдай орын алды. Қуанышымызға орай, жабдыққа айтарлықтай зақым келтірілмеді.

– Қазір екі қазандық агрегаты жұмыс істеп тұр, тағы екеуі қыздыруда, – деді Даниал Ахметов. – Температура режимі біршама төмендеді, бірақ бұл қиындық тудырмайды және кешке қарай ол қайта көтеріледі.

Қазіргі жағдайда жергілікті билік бір ғана шешім көріп отыр – ол Риддер ЖЭО-ны коммуналдық меншікке өткізу. Әрине, жылыту маусымын апатсыз аяқтау үшін қолдан келгеннің бәрі жасалады. Станцияда облыс әкімінің өкімі бойынша бүгіннен бастап өрт сөндіру машиналары, ТЖ қызметкерлері, Риддер әкімінің орынбасары және салалық бейінді ведомстволардың өкілдері кезекшілік ететін болады.

– Біз Риддер ЖЭО-ның жаңа иесіне үміт жоқ екенін көріп отырмыз, сондықтан Мен көріп отырған шешім – жылу көзін коммуналдық меншікке беру, – деп атап өтті Даниал Ахметов. – Келесі аптада мен тағы бір жиналыс өткіземін, онда станция иелерінің нақты идеялары мен ұсыныстарын тыңдаймын.

Аймақ басшысы жергілікті билік қазір жылу көзін коммуналдық меншікке беру, желілерді, жабдықтарды күрделі жөндеу және жаңа жылыту маусымына кіруге дайын жасау үшін заңнамаға сәйкес бәрін жасап жатқанына назар аударды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *