ШҚО-да ҚҚС асып кетуін қайтару тәртібі туралы айтылды

Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының Шығыс Қазақстан облысы бойынша орынбасарының м.а. Асхат Жібітаев қосылған құн салығын қайтару тәртібі мен асып кету мерзімдері туралы айтып берді.
“Қосылған құн салығының асып кетуі импортталатын тауарлар бойынша және (немесе) бейрезиденттен жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алу кезінде қосылған құн салығын төлеу есебіне жатқызылмайды. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдар жасалған салықтық кезеңнің соңында қалыптасқан қосылған құн салығының асып кетуі, егер бір мезгілде мынадай талаптар орындалатын болса. Атап айтсақ қосылған құн салығын төлеуші нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстар Кодекстің 431 – бабында айқындалған тәртіппен өткізу бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылатын сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша қайтарылуға жатады”, – деді Асхат Жібітаев. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты өткізуге әр тоқсанда кемінде бір рет қатарынан үш салық кезеңі ішінде жүзеге асырылатын, нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жатады
“ҚР ҰК 429-бабының 3-тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда, қосылған құн салығы сомасының асып кетуі нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналым мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша есепке жатқызылған салық сомасының бөлігінде қайтарылуға жатады”, – деп атап өтті спикер.
Бұдан басқа, шағын бизнес субъектілері, шаруа немесе фермер қожалықтары, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, балық шаруашылығы өнімдері және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін белгіленген арнайы салық режимдерінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушіге және осы Кодекстің 411-бабының ережелерін қолданған салық кезеңдері үшін салық төлеушіге ҚҚС қайтару жүргізілмейді.ҚҚС асып кету сомасын оңайлатылған тәртіппен қайтару қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап көрсетілген салықтық кезең үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін Салық кодексінде белгіленген соңғы күн өткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі”,-деп түсіндірді ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасарының м.а.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *