Өскеменде мемлекеттік рәміздер күні аталынып өтті

Өскемен қаласында ҚР Мемлекеттік рәміздер күнінің 30 жылдығы аясында қала тұрғындарының  қатысуымен салтанатты шара  тәуелсіздік монументі алаңында өтті.Мемлекеттік рәміздер күні  әнұран айтудан басталды. Тәуелсіздігімізді айғақтайтын рәміздерімізді аяқ асты етпей,  қастерлеуге шақырды Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.  “Әрбір Қазақстан азаматының жүрегі менің Қазақстаным, менің туым,  менің елтаңбам, менің әнұраным деп соқпайынша, біз жұмысты жалғастыруымыз керек. Тәуелсіз еліміздің әнұраны әуелеп,  көк байрағымыз қалықтай берсін”  деді Жақсылық Мұқашұлы. Мемлекеттікрәміздер күніне орай жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер орындап, жиналғандарға мерекелік көңіл күй сыйладыСонымен қатар мемлекеттік қызметке жаңадан келген қызметкерлер салтанатты түрде ант қабылдады. Рәміздердің маңыздылығын жете түсінетін, есу слаломы бойынша үш бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан Екатерина Смирнова байрақты бәсекелерде көк туымызқашанда күш, жігер береді деп атап өтті. “Әлемдік аренадакөк туымыз желбіретіп,  ән ұранымыздың шырқалуы бізүшін үлкен мәртебе,  үлкен жетістік. Сондықтанда еліміздің спортшылары жеңіс  тұғырынан көрініп,  көк байрағымыз желбірей берсін”  деді спортшыАйта кетейік еліміздің тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба тәуелсіздігіміздің жариялануының дәл 130-шы күні, яғни 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Ал Әнұран мәтіні сол жылдың 11 желтоқсанында бекітілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *